Мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білімінің француз үлгісі. Қазақстан үшін тәжірибе
Ключові слова:
кәсіби білім, мемлекеттік қызметші, құзыреттілік, жергілікті өзін-өзі басқаруАнотація
Ықшам үкіметтің құрылуы, функциялардың орталықсыздануы, жергілікті өзін-өзі басқарудың енгізілуі Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби біліктілігіне жоғары талап қоюда, өйткені, оған үкіметтің тиімділігі, халықтың мемлекетке деген сенімділік деңгейі, әр қала және ауылдық жерлердегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тікелей байланысты.
Франция мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың лауазымды тұлғаларының тиімді кәсіби дайындығы бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білім алу жөніндегі француз моделі мемлекеттік қызметшілердің атқаратын лауазымына сәйкестігіне қол жеткізуді мақсат ететін, олардың құзыреттігін дамыту және жетілдірумен сипатталады. Аталған жүйедегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өсуі орталықтандырылған реттеу негізінде жүреді, нақты белгіленген кезеңдері бар.
Бұл елдің осы саладағы тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін.