Қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында құжаттар мен тапсырмаларды бақылауды ұйымдастыру туралы

Автор(лар)

  • Муталап Әбсаттаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-50

Түйін сөздер:

тапсырма, құжат, орындауды бақылау, бақылау қызметі, қашықтықтан оқыту, қашықтықтан жұмыс, арнайы байланыс арналары, онлайн-режим, электрондық құжат, деректеме, электрондық-цифрлық қолтаңба, қағаз құжат, деректер базасы, есептік ақпарат, сараптамалық қорытынды, бұлтты құрал, цифрландыру, автоматтандыру, ақпаратты қорғау, ақпараттық ресурс, бейінді құрылымдық бөлімше

Аңдатпа

Мемлекеттік органдардағы қызметтің көп бөлігін құжаттар мен тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру алады. Қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуі жағдайында бақылау қызметі мен құжат айналымын қамтамасыз ету мәселелері мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күн тәртібіне енгізілді. Мақалада құжаттарды қараудың барлық кезеңдері мен процестерін қамтитын құжаттар мен тапсырмаларды бақылауды ұйымдастырудың қолданыстағы және мүмкін болатын тәжірибелік тәсілдері көрсетілген: қабылдау, ресімдеуді бақылау, тіркеу, бөлу, адресаттарға жіберу, қарау, орындау, келісу, сараптама, бұрыштама қою, шешім қабылдау, қол қою, құжат авторына жіберу. Кезеңдер мен процестердің әрқайсысы бойынша олардың цифрландыруға және онлайн-режимде жұмысқа көшуге дайындығы сипатталған. Қолданыстағы құжат айналымы жүйесімен қатар және ақпаратты қауіпсіз қорғау режимінде орнатуға және жұмыс істеуге болатын қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнайы ақпараттық жүйелерді құру, әзірлеу және енгізу идеясы қарастырылуда.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 121 |

Жарияланды

2021-06-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Абсаттаров, М. (2021). Қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында құжаттар мен тапсырмаларды бақылауды ұйымдастыру туралы. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (77), 16-23. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-50

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ