Қазақстан Республикасында тоқыма өнеркәсібін дамытуды институционалдық қолдау жүйесін қайта құру кезеңдері

Автор(лар)

  • Гючлю Окай Мармара университеті https://orcid.org/0000-0003-2917-5843
  • Алтын Есіркепова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы https://orcid.org/0000-0003-2917-5843
  • Диана Дурру М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-370

Түйін сөздер:

институционалдық қолдау, тоқыма өнеркәсібі, тоқыма саласы, әдістеменің нәтижелілігі, институционалдық қайта құрулар

Аңдатпа

Кез-келген саланы дамытудың тепе-теңдігі басқару субъектісінің қызмет ету ережелері мен нормаларының жүйесі, ақпараттың құрылымдық дәрежесі негізінде қалыптасқан институционалдық орта сипаттамаларының жиынтығымен, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жүктеген ресми және бейресми шектеулермен тікелей анықталады. Тоқыма саласының ел экономикасы үшін маңыздылығына байланысты осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындарды институционалдық қолдау жүйесінің тиімділігі мәселесін зерттеу қажеттігін тудырды. Әдістеме экономика салаларындағы институционалды қайта құру саласындағы әдебиеттерді шолуға негізделген.

Мақалада Қазақстан Республикасында тоқыма өнеркәсібін дамытуды институционалдық қолдау жүйесін қайта құрудың негізгі кезеңдері ұсынылады. Тұрақты институционалдық нысандарды-институционалдық шектеулерді айқындау кезеңдері келтірілген, сондай-ақ тоқыма саласындағы институционалдық өзгерістердің нәтижелілігін айқындау әдістемесінің алгоритмі ұсынылған.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 120 |

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Окай, Г. ., Есиркепова, А., & Дурру, Д. (2021). Қазақстан Республикасында тоқыма өнеркәсібін дамытуды институционалдық қолдау жүйесін қайта құру кезеңдері. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (79), 60-71. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-370

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ЭКОНОМИКА

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары