краинадағы мемлекеттік қызметті құқықтық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету
Түйін сөздер:
Украина, посткоммунистік елдер, мемлекеттік қызмет, құқықтық және ұйымдық қамтамасыз етуАңдатпа
Мақаланың мақсаты – мемлекеттік қызметті жаңғыртудың украиндық тәжірибесін талдау және қорыту болып табылады. Автор Украинадағы реформалардың бірыңғай негіздемелік тұжырымдаманың болмауынан жүйесіз және әркелкі өтіп жатқанын атап өтіп, оның диалектикасын ескеруді ұсынады. Биліктің перманенттік шоғырланбауы, оның тармақтары арасындағы ұзаққа созылған күрес, орталық пен өңірлер арасындағы қарама-қайшылықтар байқалады, олар мемлекеттік қызметтің жай-күйіне он саясаттандырып, тұрақсыздандыра отырып, кері әсер етеді. Мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік қызметті басқару жүйесін, кадрларды оқыту жүйесінің дамуын реттейтін, негізгі нормативтік-құқықтық актілерге сипаттама берілген . Украинадағы қазіргі мемлекеттік қызметтің негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары ашып көрсетіледі. Посткоммунистік елдердің тәжірибесін пайдалану қажеттілігі көрсетіледі