Әлеуметтік желілерде ар-намыс пен абыройға қол сұғушылықтан қорғаудың құқықтық аспектілері
Түйін сөздер:
Ғаламтор, әлеуметтік желі, абырой, қадір-қасиет, ақпараттық-коммуникациялық желілер, жауапкершілікАңдатпа
Бұл мақалада әлеуметтік желілердегі ар-намыс пен абыройға қол сұғушылықтан қорғаудың құқықтық негіздері қарастырылған . Авторлар Интернетте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар тергеуінің құқықтық механизміне назар аударады . Негізгі мәселе ар-намыс пен абыройға қол сұғушылық жасаған адамды, егер айыпталушының тұлғасы белгісіз болса, жеке айыптау тәртібі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады . Сондай- ақ, авторлардың пікірінше, маңызды және өте қиын, отандық құқық қорғау органдарында әлеуметтік желілерді пайдаланушылар туралы ақпараттардың іс жүзінде қол жетімділігі жоқтығы болып табылады, себебі Қазақстан Республикасында басым көпшілікке танымал әлеуметтік Интернет – ресурстардың шығу тегі шетелдік . Авторлар суреттелген құқықтық мәселелердің өздерінің көзқарастары бойынша ықтимал шешу жолдарын ашады