Қазіргі кездегі Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстар мәселелері
Түйін сөздер:
Орталық Азия өңірі, су-энергетикалық ресурстар, трансшекаралық өзендер, су саясаты, энергетикалық қауіпсіздікАңдатпа
Мақалада Орталық Азия өңір елдеріндегі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі су-энергетикалық ресурстардың бөліну сипаты қарастырылады. Су-энергетикалық ресурстарды пайдаланудағы қайшылықтар мен оларды шешу жолдары талданады. Өңірдегі су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін кеңестік кезеңнің ескірген кешендерін жетілдіруде жаңа жолдарды іздестіру мүмкіндігі қарастырылады. Мақалада Орталық Азия мемлекеттері үлкен көлемдегі су- энергетикалық ресурстар қорына ие бола отырып, ортақ шешімге келе алмай отырғандығы айтылады. Мемлекеттер өздерінің жеке экономикалық пайдасын көздеуі негізінде су мәселелерін шешуде қарым-қатынастарға кедергі жасап отырғандығы сөз болады. Авторлар өңірдегі су- энергетикалық ынтымақтастық бір ортақ мәмілеге келіп, бірлескен шешімдер қабылданбағанша, су-энергетикалық ресурстар тапшылығы жылдан-жылға арта береді деген болжамдар жасаған.