Кеңестен кейінгі кеңістікте АҚШ саясатының эволюциясы
Түйін сөздер:
посткеңестік кеңістік, КСРО, АҚШ, сыртқы саясат, эволюция, механизмдерАңдатпа
Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге қатысты америкалық саясат кезең-кезеңімен қалыптасты. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін АҚШ өзінің жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты сыртқы саяси курсын даярлауға және жүзеге асыруға кірісті. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге қатысты америкалық мемлекеттік құрылымдар тарапынан қызығушылық АҚШ-тың ұзақ мерзімді мүдделеріне, сонымен қатар, бұрынғы КСРО аумағында орналасқан елдердің геосаяси маңызына қарай айқындалды.
Мақалада посткеңестік кеңістік мемлекеттеріне қатысты америкалық саясаттың негізгі кезеңдері қарастырылып, ерекшеліктер талданып, АҚШ-тың сыртқы саясаты шешуге күш салған міндеттері зерттелген. Әсіресе, посткеңестік кеңістіктің дамуына шешуші ықпал етіп келе жатқан ресей-американ қарым-қатынастарына үлкен назар аударылған. КСРО ыдырағалы бері едәуір уақыт өткенімен посткеңестік кеңістік мемлекеттерінде АҚШ-тың бұрынғы кеңестік мемлекеттерге қатысты сыртқы саясатын кешенді түрде зерттеуге арналған жұмыстар жоқ деуге болады.