Украинаның Херсон облысының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіндегі кластерлік тәсілдер
Түйін сөздер:
кластер, кластерлік үлігілер және тетіктер, кластерлік тәсілдер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті қоғамдастық, ғылым және білім мекемелеріАңдатпа
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» жолдауында қарапайым, бірақ өте мәнді сөз айтылған: «Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз». Осы мақалада Украинаның Херсон облысындағы кластерлерді құру үлгілері көсетілген. Кейбір кемшіліктермен қатар, оң нәтижелерге де қол жеткізілді, олардың сипаттамасы және талдамасы Қазақстанның әр өңірінде кластерлерді құрушы және дамытушы практик-ғалымдар үшін қажетті болуы мүмкін. Автор Украинаны мысалға ала отырып, жаңа кластерлік үлгілер мен тетіктердің индустриалдық инновация ретінде «Қазақстан жолы -2050» басым бағыттарын, сондай-ақ, үкіметтік емес сектор және бизнеспен мемлекеттің қарым-қатынасының жаңартылған құралдарын жасауды іске асыруға белсенді ықпал ету мүмкіндігін көрсетуге тырысқан. Мақалада жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бизнеспен, мемлекетпен, ғылым және біліммен, жаңа технологияларды және инновацияларды енгізетін басқа да субъектілермен кластерлік қарым-қатынасы көрсетілген. Жасалған кластерлер Украинаның оңтүстік өңірінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, инвестициялар тарту үшін жағымды имидж қалыптастыруға айтарлықтай әсер етті.