Киберқауіпсіздік: негізгі түсініктері мен белгілері

Автор(лар)

  • М.Ө. Насимов «Болашақ» университеті

Түйін сөздер:

киберкеңістік, киберқауіпсіздік, кибералаяқтық, ғаламтор, әлеуметтік желілер, сананың виртуалдануы

Аңдатпа

Соңғы технологиялық жетістіктер киберкеңістіктің едәуір өсіміне әкелді. Киберқауіпсіздік қарқынды ғылыми-зерттеушілік қызметтің саласына айналды. Сонымен қатар, Интернетке тәуелділіктің күшеюі оның ұлттық стратегиялық белсенділігін арттырды. Ғаламтордың кеңінен таралуы шарттарында киберқатерлердің дамуы жаһандық құбылыс болып табылады. Киберқауіптер күн сайын жетіліп келеді. Сондықтан киберкеңістік ұлттық қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету үшін үнемі қорғанышта болуы керек.

Ғылыми мақалада киберқауіпсіздіктің негізгі түсініктері мен белгілері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде заманауи қоғамдағы киберқауіпсіздік саналады. Зерттеу пәніне киберқауіпсіздіктің негізгі түсініктері мен белгілері жатады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 87 |

Жарияланды

2017-06-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Насимов , М. . (2017). Киберқауіпсіздік: негізгі түсініктері мен белгілері . Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (2 (61), 53-59. Электрондық мекен-жай бойынша қол жетімді https://journal.apa.kz/index.php/path/article/view/171

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ