Мемлекеттік басқару саласында адами капиталды бағалау әдістемесіне заманауи тәсіл
Түйін сөздер:
адами капитал, адами капиталды бағалау, бағалаудың критерийлері, мемлекеттік қызмет, кәсіби дамуАңдатпа
Бүгінгі таңда экономикалық ғылымда адами капиталға, оның қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне деген қызығушылықты байқауға болады. Сондай-ақ, негізгі экономикалық қағидалардың біртіндеп өзгеруі қарастырылады: экономикадағы капиталдың әр түрінің маңыздылығын қайта бағалау орын алады. Адами капиталдың рөлі күннен күнге артып келеді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтің тәжірибесі үшін осы ресурсты объективті бағалау мәселесі өзекті болып табылады. Адами капитал өндірісінің құнын, оның қалдық құнын, өсу әлеуетін есептеуге мүмкіндік беретін құралдардың кең ауқымы бар. Дегенмен, жетілдіре түскен құралдардың жиынтығы іс жүзінде адами капиталдың көрінісіндегі салалық ерекшеліктерін есепке алмайды.
Мемлекеттік сектордағы интеллектуалды компоненттерді бағалау әлеуметтік-экономикалық саланы дамытудың, дамудың ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеудің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы мақалада әртүрлі себептер бойынша адами капиталды бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдері қарастырылған. Олар қызметкерлердің салалық мамандануына қарамастан, жалпы сипатта болады. Сондай-ақ, адам капиталын бағалауға авторлық көзқарас да ұсынылған. Біз адами капиталды бағалаудың нақты құралы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру индексін – адами капиталды бағалаудың қосымша құралын енгіздік. Бұл құралды қолдану саланы ескере отырып, мемлекеттік қызметтің адами капиталын жаңа тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.