Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының веб-сайттары Қазақстан Республикасының коммуникативтік саясатының заманауи құралы ретінде
Түйін сөздер:
веб-сайт, атқарушы билік органдары, мемлекеттік коммуникациялық саясат, сандық теңсіздік, мазмұнды талдау, регрессиялық талдау, цифрландыруАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының веб-сайттарын коммуникативтік саясаттың заманауи құралы ретінде зерттеуге арналған. Құрылымдық мазмұнды талдауды пайдалана отырып, автор интернет-ресурстарды және олардың тиімділігін анықтайтын мазмұнды және техникалық факторларды жан- жақты қарайды. Жиынтық регрессия арқылы, еліміздің инфрақұрылымдық ерекшелігін ескере отырып, аудиторияның қатысуын және веб-сайттар арқылы байланыс тиімділігін анықтайтын факторлардың иерархиясы анықталды. Мемлекеттік органдар мен академиялық қоғамдастық үшін кері байланыс, мүгедектердің мүдделері және сандық теңсіздік коэффициенті туралы тиісті ұсынымдар мен ескертулер жасалды. Әрі қарайғы зерттеулердің келешегі көрсетілді.