Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: мүмкіндіктер мен тәуекелдер
Түйін сөздер:
көші-қон саясаты, мемлекеттік басқаруАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің мемлекеттік реттелуі қарастырылған, көші-қон саясатындағы жаһандық сын-тегуріндерді есепке ала отырып, ағымдық үрдістерге баға беріледі, сондай-ақ халықтың зияткерлік миграциясы зерттеледі. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің жүргізілген талдауы, сараптамалық сұхбат пен сауалнама нәтижелері негізінде көші-қон саясатын жаңғырту бойынша елдің зияткерлік әлеуетінің дамуын ескере отырып, ұсынымдар әзірленді.
Мақала 2018–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберіндегі № AR05136246 «Зияткерлік әлеуетті дамытудың контекстінде Қазақстанның көші-қон саясатын жаңғырту» жобасы бойынша даярланды.