ҚАЛАНЫ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1326Түйін сөздер:
цифрлық трансформация, қала, цифрлық үкімет, ақпараттық технологиялар, стратегияАңдатпа
Қаланы басқару процесінің цифрлық трансформация қалалардың жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертіп, тиімділікті, тұрақтылықты және халықтың өмір сапасын арттырады. Цифрлық технологиялар қалаларды одан әрі трансформациялау, инновациялар мен жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін маңызды. Цифрлық процестерді бағалау әдістерін жетілдіру үшін қала экономикасының даму әсерін бағалауда көп айнымалы эконометриялық регрессия моделі әзірленді. Бұл қалалық жоспарлауға әсер ету сипаттамасын анықтауға, сондай-ақ негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Қаланы дамытуға бағытталған шетелдік тәжірибелер тиімді қалалық жоспарлау үшін практикалық маңызы бар нәтижелері сенімді деректерге негізделген. Зерттеу бастамаларымен байланысты SWOT-талдау негізінде қалаларда цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндіктері зерттелді. Жүргізілген зерттеу негізінде қаланың басқару процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Деректерді қорғау, инклюзивтілік және инвестициялар тарту қажеттілігіне баса назар аударылады. Негізгі қорытындылар цифрлық технологиялар қалалық процестерді ретке келтіретін, деректерге негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін және мемлекеттік қызметтерді алу сапасы жақсартатынын көрсетеді. Зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы цифрлық трансформация шеңберінде калаларды басқару тиімділігінің іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігінде.