ҚАЗАҚСТАНДА "ЛАСТАУШЫ ТӨЛЕЙДІ" МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ҚАҒИДАТЫН ІСКЕ АСЫРУ

Автор(лар)

  • Ляйла Мухаметрахимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Раушан Дуламбаева э. ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институты
  • Арман Утепов «EcoMind экожүйелік шешім қабылдау орталығы» Қоғамдық қорының басшысы, Астана қ., Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1268

Түйін сөздер:

экология, ауаның ластануы, «ластаушы төлейді» принципі, Экологиялық реттеу, шығарындылар, Қазақстан

Аңдатпа

Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері болып қала береді, бұған елдің бірқатар ірі қалаларындағы экологиялық жағдайдың нашарлауы дәлел. Атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына теріс әсер етеді, халықтың өмір сүру сапасын төмендетеді, экожүйенің тұрақтылығын бұзады. Бұл зерттеудің мақсаты "ластаушы төлейді"экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу принципінің тиімділігін бағалау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін аралас зерттеу әдісі қолданылды. Атмосфералық ауа сапасының жай-күйі бойынша қайталама деректерге талдау, сондай-ақ жоғарыда аталған құқықтық реттеу қағидатын іске асыруға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізілді. Нәтижелер 2017-2022 жылдардағы атмосфералық ауа жағдайының оң динамикасына қарамастан, мышьяк, мыс, көмірсутектер сияқты жекелеген ластаушы заттардың шығарындылары айтарлықтай өскенін көрсетті. Бұл ретте, атмосфералық ауаның сапасы бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан ластану бойынша рұқсат етілген нормативтерден 3-5 есе асатын елдер арасында өз орнын сақтайды. "Ластаушы төлейді" қағидатын енгізу бойынша заңнамалық базаны талдау атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар әлсіздіктер мен заңнамалық олқылықтарды ашты.

Авторлар өмірбаяны

Ляйла Мухаметрахимова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Ляйла МУХАМЕТРАХИМОВА, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының докторанты, Астана қ., Қазақстан Республикасы, l.mukhametrakhimova@apa.kz, ORCID: 0009-0004-3664-7479

Раушан Дуламбаева, э. ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институты

Л.С. Мухаметрахимова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының докторанты, Астана қ., Қазақстан Республикасы, l.mukhametrakhimova@apa.kz, ORCID: 0009-0004-3664-7479;

Р.Т. Дуламбаева, э. ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институты, r.dulambayeva@apa.kz, ORCID: 0000-0003-3942-8875

А.Т. Утепов, «EcoMind экожүйелік шешім қабылдау орталығы» Қоғамдық қорының басшысы, Астана қ., Қазақстан Республикасы, utepov.arman@gmail.com, ORCID: 0000-0002-7794-6473

 

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 250 |

Жарияланды

2024-12-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Мухаметрахимова, Л., Dulambayeva, R. ., & Utepov, A. . (2024). ҚАЗАҚСТАНДА "ЛАСТАУШЫ ТӨЛЕЙДІ" МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ҚАҒИДАТЫН ІСКЕ АСЫРУ . Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, 4(91), 121-130. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1268

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары