Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарындағы нысаналы индикаторлардың декомпозициясы туралы жеке сұрақтар
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1254Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стратегиялық жоспарлау саласындағы жүйелі проблемалар зерделенеді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілген өзгерістерге қарамастан, мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың ыдырауына, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуді жүйелі түрде үйлестіру проблемаларына, стратегиялық жоспарлау архитектурасының күрделілігіне байланысты бірқатар проблемалар бар.
Зерттеу жүргізу үшін нысаналы индикаторларды жоспарлау жүйесінің ведомстволық бағыныстағы құжаттарына ыдырату мәселесі қаралды, атап айтқанда мысал ретінде «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» екінші Ұлттық басымдығы қарастырылды. Зерттеу барысында нысаналы индикаторларды жоспарлау кезінде стратегиялық құжаттардың иерархиясы және оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарында ыдырауы байқалмағаны анықталды.
Осы зерттеудің нәтижелері мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу кезінде, сонымен бірге мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау саласында тереңдетіп ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылуы мүмкін.