Қазақстанның су дипломатиясы: ынтымақтастық мәселелері және су қақтығыстарын шешудің ықтимал жолдары

Автор(лар)

  • Урал Куспаев ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1152

Түйін сөздер:

Орталық Азия, су қақтығыс, екіжақты ынтымақтастық, WEF-nexus, трансшекаралық өзендер

Аңдатпа

Орталық Азия елдері тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды және әділ басқаруға айтарлықтай күш салды. Алайда, Арал теңізі бассейніндегі жағдайдың шиеленісуін жалғастырып жатқанына қарап, аймақ елдерінің су дипломатиясының құралдары жеткіліксіз және соншалықты тиімді емес екенін мойындау керек. Мақаланың мақсаты Water, Energy, Food-nexus (WEF-nexus) тұжырымдамасын пайдалана отырып, аймақ елдерінің екіжақты ынтымақтастық форматына көшу мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Мақалада халықаралық тәжірибенің кейбір мысалдарымен әдебиеттерді шолу әдісі қолданылады. Нәтижесінде, аймақтағы екіжақты ынтымақтастық ішінара қолданылып жатыр, көптеген елдер көпжақты қатынастарға сүйенеді, оның аясында су ағындарын бақылау және бақылауда қиындықтар бар деп айтуға болады. WEF-nexus концепциясына келетін болсақ, оны жүзеге асыру үшін өзара тиімді және сенімді қарым-қатынастарды орнатпай, аймақта құру қиын белгілі бір жағдайлар қажет.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 287 |

Жарияланды

2024-04-03

Дәйексөз келтіру үлгісі

Kuspayev, U. (2024). Қазақстанның су дипломатиясы: ынтымақтастық мәселелері және су қақтығыстарын шешудің ықтимал жолдары. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (1 (88), 90-105. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1152

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР