Монғолияның мемлекеттік қызметінде меритократия принциптерін жүзеге асыру

Автор(лар)

  • Агваанжигмидийн Болормаа Моңғолия мемлекеттік ғылым және технология университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-927

Түйін сөздер:

мемлекеттік қызмет, қалыптасуы , қағидат , біліктілік , тұрақтылық

Аңдатпа

Моңғолияның мемлекеттік қызметінің кадрлық резервін қалыптастыру тетіктерін енгізу және жетілдіру қазіргі кезеңдегі мемлекеттік кадр саясатының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мақалада меритократия қағидасы негізінде Моңғолияның мемлекеттік қызметінің кадрлық резервін қалыптастырудың өзекті мәселелері қарастырылған. Моңғолияның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының қабылданып, қолданысқа енгізілгеніне 26 жыл болды. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2017 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне еніп, 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ осы күнге дейін Моңғолияда кәсіби мемлекеттік қызметтің жоқтығы ешкімді алаңдатқан жоқ. Мақалада тиiстi зерттеулердiң нәтижелерi бойынша мемлекеттiк қызметтiң құқықтық ортасын жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуына қарамастан, заңнаманы қолдану талапқа сай емес, мемлекеттiк қызметке таңдау және тағайындауға байланысты заң бұзушылықтар орын алып отырғаны туралы қорытынды жасалған. Бұл мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсерін тигізеді, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін төмендетеді, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен тұрақты жұмысына теріс әсер етеді, ал меритократия қағидатын іске асыру әлі де жеткіліксіз болып келеді. Егер мемлекеттік қызметке меритократия жүйесі енгізілетін болса, мемлекеттік қызметтің жұмысы, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, біліктілігі, тұрақтылығы мен тиімділігі жоғарыланады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 196 |

Жарияланды

2022-12-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Болормаа, А. (2022). Монғолияның мемлекеттік қызметінде меритократия принциптерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4(83), 2-12. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-927

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ