Ресей және Еуропалық Одақ: ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, қайшылықтар және оларды жеңу жолдары

Автор(лар)

  • Майя Рахимова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Галина Какенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1034

Түйін сөздер:

Ресей, Еуропалық одақ, ынтымақтастық, халықаралық-құқықтық база, қауіпсіздік, санкциялар

Аңдатпа

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың екі ірі акторларының – Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақтың қарым-қатынасы соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың саяси элитасы мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерінің назарында. Ресей Федерациясы мен Еуропа Одақтың арасындағы қатынастардыдың қалыптасу тарихын және одан әрі дамуын талдау олардың құбылмалы және екіұшты сипатта болғанын көрсетеді. Қарым-қатынаста қол жеткізілген прогресс бәсеңдеу және санкциялар мен қарсы санкциялар саясаты кезеңдерімен, ДСҰ-дағы даулармен және т.б. алмасты. Бірақ екіжақты қатынастардағы дағдарысқа қарамастан, тараптар 2021-2027 жылдарға арналған шекара маңы ынтымақтастығының жеті жаңа практикалық бағдарламасын іске асыруға дайындалуда.

Аталмыш мақалада Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талдау, ондағы қайшылықтарды шешу жолдарын анықтау, сондай-ақ қарым-қатынастардың дамуына теріс әсер ететін факторларды саралау ұсынылған.

Мақсаты – жан-жақты ынтымақтастық туралы қол жеткізілген базалық шарттарды сындарлы іске асыру контекстінде Ресей мен Еуроодақ арасындағы қатынастардағы қайшылықтарды шешудің мүмкін жолдарын анықтау және талдау. Қойылған мәселелерді талдау барысында авторлар халықаралық қатынастарды зерттеудің бірқатар әдістерін қолданды. Атап айтқанда, мазмұн мен оқиғаны талдаудың сандық әдістері, жүйелік талдау, болжау әдісі.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 55 |

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Рахимова, М., & Какенова, Г. (2023). Ресей және Еуропалық Одақ: ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, қайшылықтар және оларды жеңу жолдары. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (87), 102-112. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1034

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР