Мақалаларды рецензиялаудың тәртібі
- Жариялау үшін келіп түсетін барлық мақалалар жабық («жасырын») рецензиялаудан өтуі тиіс.
- Рецензиялаудың міндеті мақалаларды жақсарту жөніндегі нақты ұсынымдарды жарыққа шығару және алып тастау үшін авторлық қолжазбаларды қатаң іріктеуге жәрдемдесу болып табылады. Рецензиялау рәсімі ғылыми мақаланың мазмұнына барынша әділ баға беруге, оның Журнал талаптарына сәйкес келуін анықтауға бағдарланған және қарауға ұсынылған мақала материалдарының артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін жан-жақты талдау жасауды көздейді.
- Рецензенттер ретінде тәуелсіз сарапшылар тартылады.
- Рецензиялау рәсімі рецензент үшін де, авторлар үшін де құпия болып табылады. Рецензияланатын мақала авторының талабы бойынша оның рецензия мазмұнымен (рецензенттің жеке деректерін хабарламай) танысуына болады.
- Рецензиялаудың құпиялылығы әрбір мақалаға жеке код беру арқылы қамтамасыз етіледі, код арқылы мақала рецензенттің қарауына беріледі.
- Рецензенттер мақаланың теориялық-әдістемелік деңгейін, оның практикалық құндылығын және ғылыми маңыздылығын бағалайды, ғылыми жарияланымдардағы этика қағидаларына сәйкестігін айқындайды, мақаланы қайта өңдеу бойынша ұсынымдар келтіреді. Сондай-ақ мақалалардың техникалық талаптарға сәйкестігі сарапталады.
- Жіберілген қолжазбалар авторлардың зияткерлік меншігі болып табылатындығы және жария етуге жатпайтын мәліметтерге жататындығы туралы рецензенттерге хабарланады. Рецензенттерге рецензиялауға табыс етілген мақаланы көшіріп алуға немесе жарияланғанға дейін мақаланың мазмұны туралы мәліметтерді пайдалануға тыйым салынады.
Сонымен бірге рецензенттің кейбір жеке зерттеулерді тоқтатуы, егер оның пікірінше, олар нәтижесіз болса, этикалық нормаларға қайшы деп саналмайды.
- Қаралатын мақалада плагиаттың немесе заңсыз алып пайдаланудың басқа да түрлерінің болуы туралы рецензент арызы дәлелді болуы және тиісті сілтемемен берілуі тиіс.
Рецензент плагиатқа, авторлыққа немесе деректердің бұрмалануына қатысты күмәнданған жағдайда ол міндетті түрде авторлық мақаланы ұжым болып қарау туралы талабымен редакциялық алқаға хабарласуы тиіс.
- Журналды басып шығарудың тұрақты мерзімділігін сақтау рецензенттен мақалаға рецензияны уақытылы беруін, сондай-ақ этика мен кәсібилікті сақтауын талап етеді.
Авторға қатысты әдепсіз мінез-құлық немесе төмен сапалы рецензияларды жүйелі түрде ұсыну немесе рецензияны ұсыну мерзімін бұзу болған жағдайда, аталған рецензентпен өзара қарым-қатынас тоқтатылады.
- Рецензент мақаланы қарауға алғаннан кейін 5 (бес) күн ішінде материалды рецензиялау мүмкіндігін, өзінің біліктілігіне сәйкес автор зерттеуінің бағытын және мүдделер қақтығысының болмауын бағалайды.
Зерттеу нәтижелері мен рецензенттің жеке әзірлемелері арасында мүдделер қақтығысы болған жағдайда немесе рецензент пен автор арасында, рецензенттің ой-пайымдауына әсер ететіндей, кәсіби немесе тұлғалық байланыстар болған жағдайда, ол мақаланы мүдделер қақтығысын көрсете отырып, редакциялық алқаға қайтарып беруі тиіс.
Рецензиялаудан дәлелді түрде бас тартудың болмауы осы Ережеге сәйкес рецензенттің мақаланы қарауға келісімі берілді деп есептеледі.
- Рецензент 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде рецензияны дайындайды және мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы тұжырым жасайды. Рецензиялау мерзімі жекелеген жағдайда мәтінді толық және объективті бағалау үшін тиісінше жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Журналдың бас редакторының орынбасарының келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
- Рецензент мақаланы талдаудан кейін нысанды пайдаланып келесі критерийлер бойынша толтырады: өзектілігі, жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, инновациясы, маңыздылығы, құрылымы, әдеби деңгейі, безендіру сапасы. Қорытындылай келе, рецензент өз ұсыныстарын береді:
- жариялауға рұқсат етіледі;
- редакциялық алқаның ескертулерін ескере отырып жариялауға жол беріледі;
- жариялауға жол берілмейді (авторға қайта өңдеу үшін қайтарылады).
- Егер рецензент мәтінге белгілі бір түзетулерді енгізу қажеттігін көрсетсе, мақала авторға ескертулерді мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеруді немесе дәлелді түрде оны теріске шығаруды ұсына отырып жіберіледі. Қайта өңделген мақаланы Журналға жіберу кезінде автор рецензенттің барлық ескертулеріне жауапты қамтитын және мақалада жасалған барлық өзгерістерді түсіндіретін файлды қоса беруі тиіс.
- Түзетілген мақаланың нұсқасы шешім қабылдау және жариялау мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды жасау үшін рецензентке қайта ұсынылады. Мақаланы жариялауға қабылдау күні болып мақаланы жариялаудың жөнділігі мен мүмкіндігі туралы рецензенттің оң қорытындысын (немесе редакциялық алқаның шешімін) редакция қабылдап алған күні саналады.
- Мақаланы жариялау немесе одан бас тарту туралы шешімді редакциялық алқа сын-пікірлер мен автордың жауаптарын алғаннан кейін қабылдайды.