Редакторлардың жалпы міндеттері мен жауапкершілігі

  • Редакторлар қолжазбаны тек оның сапасы, түпнұсқалығы, анықтығы, редакциялық саясатты сақтауы, журналдың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі негізінде жариялауға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
  • Редакторлар жариялауға ұсынылған қолжазбаларды адал әділ және уақтылы сын-пікір беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  • Редакторлар редакциялық үдеріс бойы ұсынылған қолжазбалардың құпиялылығын және авторлар мен рецензенттер арасындағы анонимділікті сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  • Редакторлар қолжазбаларды сараптау үшін рецензенттерді тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  • Редакторлар автордың заңсыз әрекеті анықталған қолжазбаларды анықтауда және жариялауды болдырмау үшін ақылға қонымды шаралар қабылдауға міндеттенеді.
  • Редакторлар материалдарды жариялау туралы шешім қабылдауда коммерциялық мүдделердің немесе саясаттың әсерін болдырмауға міндеттенеді.
  • Редакторлар журналдың уақтылы және мерзімді шығарылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  • Журналдың редакторлары мен меншік иесі авторлар келтірген ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.