Авторлардың жалпы міндеттері мен жауапкершілігі
- Автор ұсынылған қолжазбаның бірегей екенін және басқа басылымда жариялануға қарастырылмағанын немесе қабылданбағанын растайды.
- Автор қолжазбаны зерттеу жүргізген барлық авторлар мен ұйым мақұлдағанын растайды.
- Автор өзінің зерттеу әдістерін ғылыми жұмыстарды ұсынудың жалпы қабылданған ережелеріне және журнал мақалаларына қойылатын талаптарға сәйкес сипаттайды.
- Автор зерттеудің түпнұсқалығына, олар келтірген деректердің, фактілердің, дәйексөздердің, тиісті есімдердің, географиялық атаулардың, тектердің, аты-жөнінің және басқа да мәліметтердің дұрыстығы мен дәлдігіне, сондай-ақ ашық жариялануға тыйым салынған деректердің мақалада ұсынуда жауапты болады.
- Автор журнал редакциясының талап етуі бойынша зерттеудің бастапқы материалдарын (деректерін) беруге міндетті және оларды тексеру үшін көпшілік алдында қол жеткізуге дайын болуға тиіс.
- Автор авторлықтың дұрыс анықталуы үшін жауап береді, алынған нәтижелерге зияткерлік үлес қосқан авторларды ғана көрсету қажет.
- Автор авторлық құқық пен зияткерлік меншікке қатысты қолданыстағы заңнамалық актілерді ұстануы қажет.
- Автор зерттеу барысында нақты қолданылған әдебиеттер тізіміндегі дереккөздерді ғана көрсетуі керек, өзін-өзі асыра сілтеуден аулақ болу қажет.
- Автор журналға берілген материалды пайдалануға айрықша құқықтардың болуына кепілдік береді. Осы кепілдік бұзылған және осыған байланысты журналдың немесе редакция алқасының иесіне шағым жасалған жағдайда, автор барлық шағымдарды өз бетінше және өз есебінен шешуге міндеттенеді. Журналдың меншік иесі және редакциялық алқа автордың берген кепілдіктерін бұзғаны үшін үшінші тұлғалар алдында жауапты болмайды.
- Барлық авторлар қолжазбаларында қолжазбаны бағалау және түсіндіру нәтижелеріне тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін қаржылық немесе басқа мүдделер қақтығысын ашуы қажет. Зерттеуді қаржыландыру туралы ақпарат мақаланың толық мәтінінің құрамында жарияланады.