Жұмсақ күш кіші мемлекеттердің сыртқы саяси стратегиясы ретінде (Катар мен Сингапур мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-989Түйін сөздер:
халықаралық қатынастар, жұмсақ күш, сыртқы саясат, шағын мемлекеттер, Сингапур, КатарАңдатпа
Қазіргі таңда "жұмсақ күш" тұжырымдамасын іске асыру көп елдердің халықаралық аренада оң имиджін қалыптастыру мақсатында, атап айтқанда халықаралық қатынастар саласында жылдар өткен сайын өзектілігі артып келе жатыр. Бұл мақалада Сингапур мен Катар сияқты екі шағын мемлекеттің мысалында "жұмсақ күш" тұжырымдамасы мен халықаралық қатынастардағы өзектілігі талданады, өйткені осы екі ел өздерінің сыртқы саяси стратегияларында "жұмсақ күшті" белсенді қолданады. Аталған елдерде "жұмсақ күш" стратегиясын қолданатын бағыттар толығырақ зерттелген. Сондай-ақ, зерттелетін мемлекеттердің сыртқы саяси стратегиясындағы "жұмсақ күштің" тиімділігіне және ресурстарды халықаралық қатынастарға интеграциялай отырып, "жұмсақ күш" тұжырымдамасының қолданылуына талдау жүргізілді.