Ауғаныстандағы «Талибан» қозғалысының билікке келуі: Орталық Азия елдері үшін салдары
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-964Түйін сөздер:
Ауғанстан, "Талибан", Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, терроризм, есірткі, қауіпсіздік саласы, Ислам әмірлігіАңдатпа
Мақалада 1996 жылы Ауғанстандағы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының билікке келуінің Орталық Азия елдері үшін салдары қарастырылған, Ауғанстанан НАТО әскерлерінің шығарылуы нәтижесінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте билікке тәліптердің қайта оралуы және олардың Ауғанстан Ислам Әмірлігін құрғаннан кейінгі ағымдағы жағдайдың ықтимал даму сценарийлері талданған.
Мақаланың басында оқырманды 1996 жылы Ауғанстандағы "Талибан" ұйымының билікке келуімен посткеңестік елдердегі жағдайға әсер еткен оқиғалармен таныстырады, содан кейін автор жиырма жыл бұрынғы оқиғалардың Ауғанстандағы қазіргі билікке Талибанның келуімен параллельдерін жүргізеді. Мақаланың соңында автор қазіргі шындық тұрғысынан аймақтағы жағдайдың ықтимал даму сценарийін болжайды. Тақырыпқа байланысты Қазақстандық және шетелдік саясаткерлер мен эксперттердің пікірлері талданып, жан-жақты талқыланатын болады.