Ұлттық бірегейленудің амбиваленттілігі саяси фактор ретінде
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-916Түйін сөздер:
ұлттық бірегейлік, азаматтық бірегейлік , ұлт саясаты, ұлтшылдық , этносаралық қатынастар , дінаралық қатынастар , патриотизм , плюрализм , толеранттылықАңдатпа
Мақалада ұлттық бірегейленудің ерекшеліктері мен қайшылықтары, оның қоғамдық-саяси өмірге екіұшты ықпал ету қасиеттері қарастырылады. Заманауи саяси үдерістерден көріп отырғанымыздай, қазір әлемнің көптеген елдерінде ұлттық бірегейленудің дағдарысы байқалуда. Дүниежүзін қамтыған жаһандану үдерісі мультикультурализмді, космополиттік бірегейленуді күшейтсе, демократияландыру үдерісі азаматтық-саяси бірегейленуді дамытуда. Өз кезегінде егеменді ұлттық мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулыққа негізделген жалпыұлттық бірегейлікке қол жеткізуді көздейді.
Өкінішке орай, ұлттық бірегейлікті саяси ұранға айналдырып, деструктивті арамза мақсатта қолдану да саясатта жиі кездеседі. Ұлттық бірегейлік саяси фактор ретінде қоғамдық тұрақтылық пен бейбіт өмірге де, түрлі қақтығыстар мен саяси дағдарыстарға да ықпал ете алады. Сондықтан Қазақстан сияқты көпэтносты мемлекетте ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен дамыту үшін осы күрделі мәселені жан-жақты зерттеудің саяси және ғылыми маңызы зор. Авторлар ұлттық бірегейленудің амбивалентті қасиетін саяси фактор ретінде талдап, оның жағымды және жағымсыз қырларын ашып көрсетіп, прагматикалық ұлт саясатын жүргізуге септігін тигізетін ұсыныстар жасайды.