Қытай және трансұлттық корпорациялар: ынтымақтастық vs бәсекелестік
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-871Түйін сөздер:
Қытай Халық Республикасы, трансұлттық корпорациялар , жаһандық экономика , жаһандану , модернизация , мемлекет , протекционизмАңдатпа
Қазақстан үшін әлемдік экономикалық кеңістікке табысты интеграциялану және бәсекеге қабілетті экономика құру, жаһандану сын-қатерлеріне жауап іздеу мақсатында отандық экономиканы жаңғырту стратегиясын жетілдірудегі шетелдік ТҰК рөлін бағалаудың Қытай тәжірибесінің маңызы зор. Мақала авторлары ҚХР экономикасын құрылымдық қайта құру мүддесінде Қытай мемлекеті шетелдік ТҰК қызметін ынталандырып, сонымен бірге ұлттық бизнесті бақыланатын трансұлттықтандыруды жүргізіп жатқанын айқындайды. Ұлттық экономиканың жаһандық экономикаға ену мәселелері, халықаралық еңбек бөлінісінің ерекшеліктері, ТҰК рөлі, әлемдік құн тізбегінің дамуы И.Валлерстайн, Т.Озава, С. Амин, Й.Шумпетер, У.Ростоу және басқа авторлар еңбектерінде қарастырылған. Авторлар пәнаралық тәсілді қолдана отырып, бірқатар ғылымдар ұсынған әдістерге сүйенеді. ҚХР-ның шетелдік ТҰК-мен ынтымақтастығы және Қытай мемлекетінің ұлттық ТҰК үшін протекционизм тәжірибесі арқылы қол жеткізілген бәсекеге қабілеттілік елге әлемдік экономикада негізгі орындарды алуға мүмкіндік береді.