Құрама Штаттардың президенттерінің доктриналарындағы Оңтүстік Кореялық компонент (1945-2022)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-866Түйін сөздер:
АҚШ, Қытай , Оңтүстік Корея , доктрина , қырғи-қабақ соғыс , геосаясатАңдатпа
Бұл мақалада біз 1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдегі американдық доктриналар мәселесін қарастырамыз. Әр президенттің төрағалығымен, Америка жаңа доктрина мен жаңа режимге тап болды. Мақалада көрсетілген кезең Оңтүстік Корея үшін айтып кетсек - өте қиын болды. 1945 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде он төрт Президент болды. Біз олардың әрқайсысының саясатын талқылап, олардың төрағалық ету мерзіміне сәйкес бірінен соң біріне ақырындап тоқталамыз.
Бұл мақалада негізінен белгілі бір уақыт кезеңінде Америка Президентерінің доктриналарының тақырыбын қарастырған әртүрлі сілтеме көздерін қарау арқылы жиналған материалдар ұсынылған. Бұл мақалада осы зерттеудің негізгі тақырыбына жауап беруге көмектесетін қосымша көздерді пайдалану арқылы әдістеме де сипатталған. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы Американдық доктриналардың Оңтүстік Кореяға әсерін талдау арқылы Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың негізін салу негіздерін түсінуге көмектесуде. Практикалық маңызы АҚШ пен Корея арасындағы 1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Америка президенттері басқарған доктрина стратегиясына негізделген саяси қарым-қатынастарды түсіну бойынша пікірталас жүргізу арқылы ғылыми білімге үлес қосуда.