Ресей Федерациясы және Балтық жағалауы елдері: қатынастардың негізгі аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-638Түйін сөздер:
Ресей Федерациясы, ЕО, Балтика жағалауы, Эстония, Латвия, Литва, аймақтық саясатАңдатпа
Ресей мен Балтика жағалауы елдері арасындағы қарым-қатынас мәселесі Еуропалық Одақпен өзара іс-қимыл аясында ерекше өзекті болып отыр. ССРО ыдырағаннан кейін Латвия, Литва және Эстонияның саяси бағытының өзгеруі аймақтық деңгейде әсер етпей қала алмады. Балтика жағалауы елдерінің ЕО мен НАТО-ға интеграциялануға деген ұмтылысы бірқатар ерікті саяси шешімдерге алып келді, бұл өз кезегінде Ресеймен ынтымақтастыққа әсер етті. Еуропалық Одақпен қатынастарды дамыту процесінде Ресей Федерациясы Балтика жағалауы елдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Бұл мақалада Ресей Федерациясының Латвия, Литва және Эстониямен аймақтық деңгейдегі қарым-қатынастарының өзгеруіне, өзара әрекеттесудің мәселелері мен болашағына талдау жасалады.