Американ-Қытай қатынастарындағы Трамп факторы
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-632Түйін сөздер:
американ-қытай қатынастары, сауда соғысы, салық саясаты, салық реформасы, инвестицияАңдатпа
Мақалада Трамп билігі тұсындағы Америка Құрама Штаттарының сыртқы сауда-экономикалық саясаты қарастырылады. Трамп әкімшілігі жүргізген салық саясатының АҚШ экономикасының дамуына қалай әсер еткені талданады. Оңтайлы салық саясатының АҚШ-тың сыртқы сауда қатынастарына тигізген әсері, нақтырақ айтқанда Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарына әсері зерделенеді. Және де, тарифтік соғыстың Қытай экономикасына салдары қытайлық академиялық зерттеулер негізінде талданады. Сонымен қатар, мақалада АҚШ пен Қытай арасында қалыптасып отырған экономикалық теке-тірестердің себептері мемлекеттердің сыртқы саяси-экономикалық мүдделері тұрғысынан түсіндіріледі. Зерттеу мақсатына қол жеткізу барысында тарихи-салыстырмалы, статистикалық, құрылымдық талдау және жүйелеу тәсілдері кеңінен қолданылды.