Қазақстан мен АҚШ арасында энергетикалық дипломатияны іске асыру
Түйін сөздер:
энергетикалық дипломатия, саяси тетіктер, тиімділік, сыртқы саясат, энергетика, энергетикалық ресурстар, технологиялық әлеуетАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы энергетикалық дипломатияны іске асыру жолдары туралы айтылады. Энергетикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін қандай саясат құралдары қолданылатынын атап өту маңызды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясында энергетикалық дипломатияның рөлін арттыру Қазақстан мен Құрама Штаттардың экономикалық мүдделері арасындағы қатынастардың артуына қалай байланысты.
Автор Қазақстан Республикасының энергетикалық саясатының негізгі мақсаттарын сипаттайды, олардың ішінде ішкі энөргөтикалық нарықтың құрылуы, энергия ресурстарын конкурстық негізде жеткізу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жене энергияның экологиялық орнықтылығын жақсарту.
Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Құрама Штаттар арасында тиімді энөргөтикалық дипломатия үшін саяси құралдарды дамыту мен пайдалануды талдау болып табылады.