Ұлттық жобалар мемлекеттік саясатты іске асыру құралы ретінде: ерекшеліктері мен шетелдік тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-74-3-4-14Түйін сөздер:
жоспарлау, мемлекеттік бағдарлама, ұлттық жоба, жобалық басқаруАңдатпа
Кез-келген елде жүрілетін экономикалық саясаттың нәтижелілігі стратегиялық жоспарлаудың тиімді құралдарына байланысты болады. Сондықтан да өзінің кезекті Жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құралдарына ерекше көңіл бөлді. Индикаторлары тым көп мемлекеттік бағдарламаларға байланысты туындайтын мәселелерді ескере келіп, Президент барлық азаматтарға түсінікті ықшам ұлттық жобаларға көшуді тапсырды. Ұсынылып отырған мақала осы сұрақты, оның ішінде ұлттық жобалардың ерекшелігін зерттеуге арналған. Бұл жұмыста ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар салыстырылған. Авторлар шет елдердегі ұлттық жобалардың мазмұндары мен негізгі ерекшеліктеріне талдау жасаған. Сонымен қатар ұлттық жобаларды табысты іске асыру мақсатында жобалық басқаруды енгізудің қажеттілігі дәлелденген. Жүргізілген талдау негізінде ұлттық жобалардың қандай шарттарға ие болу керектігі жөнінде қорытынды жасалған.