Еуропалық одақтың көміртекке деген бейтараптылықты қалыптастыру ретінде шекаралық түзету механизмін қолдану
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2022-545Түйін сөздер:
трансшекаралық көміртекті реттеу, шекаралық көміртегі салығы, көміртегі ізі, декарбонизация, пайданы әкелмейтін активтер, көміртегі бейтараптығы, парниктік газдар, энергетикалық нарық, АЭС, атом реакторлары, жел қуаты, газбен қамту, ілеспе мұнай газыАңдатпа
Берілген мақалада Қазахстан Республикасының елдегі парник газдарының шығарындарын азайту жөніндегі міндеттемелері сипатталған. Парниктік газдар шығарындыларының ағымдағы жағдайыны, соған қатысты ұсыныстар және оларды шешудің жолдары көрсетілген. Елдің энергетикалық нарығын декарбонизациялау бойынша ұсыныстар берілген. Декарбонизация деп парниктік газдарының шығарымдарын азайту шараларын атаймыз. Қазақстанның жел атласына сүйене отырып, жедердің таралу бағытына талдау жасалды. Сондай-ақ ілеспе мұнай газын өндіру технологияларындағы, жаңартылатын энергия технологияларының және атом электр станцияларының бірқатар шектеулері сипатталған.
Бұл мақалада әртүрлі тұрдегі ядролық реакторларын әзірлеумен айналысатын әлемдік компанияларды, олардың қазіргі жағдайына талдауға талпыныс жасалған. Бұл шолу толық деп есептелмейтіні анық, себебі әлемдік ядролық нарықта басқа да көптеген компаниялар бар, белгілі бір компания пайдаланатын теңгерімді көрсеткіштер жүйесін анықтау әрдайым мүмкін емес. Дегенмен, атом электр станцияларының жұмыс істеп тұрған реакторларына және әлемдік ядролық нарықтағы белгілі компанияларына қысқаша шолу жасалып, алдағы уақытта атом электр станцияларын салуда болашақ серіктестерді анықтауға мүмкіндік береді.