Қазақстан мен Италия қарым-қатынастарындағы мәдени дипломатияның рөлі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-74-3-57-66Түйін сөздер:
мәдениет, мәдени дипломатия, Қазақстан, Италия, халықаралық қатынастар, демократияАңдатпа
Қазіргі кезеңде мәдени дипломатия мемлекетаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Мәдени дипломатияны жүзеге асыру шетелде елдің мәдени саясат саласындағы мүдделерін алға тартуда ғана емес, сонымен қатар басқа салаларда да елдің сыртқы саяси мақсаттарына тиімді қол жеткізуде қолайлы жағдайлар жасай алады (мысалы, экономикалық). Мақалада Қазақстан мен Италияның екіжақты мәдени дипломатиясы туралы айтылады. Екі ел арасындағы мәдени байланыстар ерте орта ғасырлардан бастап біртіндеп қарастырылып, талданады, соның негізінде екіжақты қатынастарды қалыптастыруда сыртқы мәдени саясаттың белгілі бір тиімді жақтары туралы қорытынды жасалады. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастарды үйлестіруде мәдени әдістер қалай ықпал ете алады және олардың саяси және экономикалық ынтымақтастықтарының қазіргі жағдайына айтарлықтай әсер ете алады ма деген сұрақтарға жауап беруге тырысты.