Еуропалық Одақ - Орталық Азия: қазіргі жағдайдағы ынтымақтастықтың жаңа трендтері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-75-4-80-88Түйін сөздер:
Еуропалық Одақ, Орталық Азия, стратегия, ынтымақтастық, өзара байланыстық, эволюцияАңдатпа
Еуропалық Одақтың да, аймақ елдерінің де мүдделерін қанағаттандыратын Орталық Азия аймағына қатысты Еуропалық саясаттың нақты контурын анықтау ұзақ уақытты қажет етіп, әлі де өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру сатысында.
Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиялар деп аталатын алғашқы бағдарламалық құжаттары, негізінен, аймақтағы өзінің саяси және экономикалық қатысуын қолдауға бағытталған іс-қимыл жоспарлары ғана болды. Сонымен қатар, Орталық Азия елдері халықаралық аренада толыққанды субъектілер және тиісінше тең құқықты әріптестер ретінде Еуропалық Одақпен прагматикалық өзара іс-қимылға мүдделі болған.
2019 жылы Еуропалық Одақ 2007 жылғы алдыңғы құжаттың орнына келген Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны қабылдады. Еуропалық саясаткерлердің пікірінше, ол екі аймақ арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін, олардың арасындағы өзара әрекеттесудің жетілдірілген тәсілдерін белгілейді.
Мақаланың мақсаты - Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жаңа трендтерін осы процестің екі қатысушысы тұрғысынан және Еуропалық Одақтың тиісті бағдарламалық құжаттарының эволюциясы тұрғысынан талдау болып табылады.