Мемлекеттік қызметке персоналды іріктеудегі инновациялық технологиялар мен ашықтық құралдарының рөлі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-356Түйін сөздер:
мемлекеттік аппарат, персоналды іріктеу, персоналды іріктеу процесінің ашықтығы, коучинг, инновациялық технологиялар, бақылаушылар институты, HR-үрдістерАңдатпа
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде міндет қойды, осыған байланысты басқарудың инновациялық нысандары мен тәсілдерін, персоналды іріктеудің заманауи әдістерін пайдалану және оларды одан әрі дамыту қажеттігі туындайды.
Авторлар мақалада мемлекеттік қызметке қызметкерлерді іріктеумен байланысты мәселелерді қарастырады. Зерттеу шеңберінде қолданыстағы заңнамаға, статистикалық деректерге және мемлекеттік қызметшілермен (уәкілетті органдар ммен персоналды басқару қызметтерінің жұмыскерлері) және азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен терең сараптамалық сұхбатқа талдау жүргізілді.
Қорытынды ретінде бақылаушылар институтының рөлін күшейту арқылы іріктеу процесінің ашықтығын, сондай-ақ коучинг сияқты инновациялық технологияларды қолдану арқылы ынтасы бар қызметкерлерді тарту арқылы сапаны арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.