Көп этносты мемлекеттерде этникалық топтардың саяси өкілдігінің тәжірибесі
Түйін сөздер:
этникалық топтар, саяси өкілдік, көпұлтты мемлекет, қоғамдық келісім, ұлттық саясат, сайлау жүйесі, орын сақтау, Қазақстан халқы АссамблеясыАңдатпа
Бүгінгі таңда әлемдегі соңғы оқиғалар этникалық мәселелердің бұрын-соңды болмағандай өзектілігін анық аңғартты. Әлемдік мемлекеттердің көбі этникалық құрамы бойынша біркелкі емес. Бұндай елдерде ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау үшін этностардың әлеуметтік және мәдени құқықтарының теңдігі мен қорғалуы жеткіліксіз, сонымен қатар олардың саяси мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Бұл мүмкіндіктер саяси өкілдік ету арқылы жүзеге асырылады. Ал саяси өкілдіктің әдістері мен тетіктері әр мемлекеттің ерекшелігіне қарай әралуан болып келеді.
Әлемдегі көпұлтты мемлекеттердегі этникалық топтардың саяси өкілдік ету тәжірибесін зерттеу Қазақстан Республикасының ұлттық саясатын бағалауға, саяси өкілдік етудің қазақстандық тәжірибесінің нәтижелілігін салыстыруға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін талдауға мүмкіндік береді