Қазақстандағы кейбір қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-74-3-47-56Түйін сөздер:
іс-шара, сатып алу, бөлу, шығындар, қызмет, тәуекелдер, үнемдеу, тиімділік, жеделділікАңдатпа
Бұл мақалада автор конференциялар, форумдар, корпоративтік, спорттық, мәдени, мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды сапалы, тиімді, үнемді және жедел өткізу үшін сатып алуды ұйымдастырудың практикалық әдістемесін ұсынады. Автор осы іс-шараларды өткізудегі, сондай-ақ мемлекеттік аудитор ретіндегі өз тәжірибесі арқылы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде анықталған барлық проблемалар мен тәуекелдерді атап өтеді. Сонымен қатар автор бұл мақалада осы бағыттағы проблемаларды шешудің жолдарын ұсынады және іс жүзінде сынақтан өткен ұсынылып отырған әдісті қолданудың жағымды жақтарын атап өтеді. Ұсынылып отырған әдістеменің ерекшелігі іс-шараны ресурстық қамтамасыз ету барлық бөлінген соманы «бір қызмет көрсету» аясында жеке өнім берушіге аудару есебінен емес, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жеке тұлғалардан (лекторлардан, сарапшылардан және т.б.) жекелеген сатып алу рәсімін өткізу арқылы іс-шараны өзі ұйымдастыру және қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.