Қазақстанның инвестициялық келісімдерге құқықтық мирасқорлығы бойынша жағдайын зерттеу

Автор(лар)

  • Айдана Алдиярова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-319

Түйін сөздер:

құқықтық мирасқорлық, инвестициялық келісім, екіжақты инвестициялық шарт, Канада, Қазақстан

Аңдатпа

1989 жылғы Канада үкіметі мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметі арасындағы инвестициялар тарту мен өзара қорғау туралы келісім негізінде Қазақстанға қарсы екі арбитраждық іс қозғалды. Бірінші іс бойынша арбитраж (World Wide Minerals Қазақстан Республикасына қарсы) Қазақстан бұл келісімнің құқықтық мирасқоры болып табылатындығын және шарт талабының әділетті мен тең құқықты тәртіптемесінің бұзылуын анықтады. Алайда, екінші іс бойынша (Gold Pool Limited Partnership Қазақстан Республикасына қарсы) арбитраж Қазақстанға бұл келісімнің қолданылмайтындығы туралы шешім қабылдады. Екі істің  шешімдері жарияланбаған, сол себепті қазіргі таңда Қазақстанмен қолданыстағы келісім болмаса да, Канададан басқа шетелдердің инвесторлары КСРО келісімдерін қолдануы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан бұл мақаланың мақсаты – Кеңес Одағы ыдырағанға дейін және одан кейін Қазақстандағы инвестициялық келісімдердің құқықтық негіздері мен тәжірибесін көрсету. Атап айтқанда, КСРО шарттарының мирасқорлығына қатысты тиісті халықаралық шарттар, дипломатиялық жазбалар, үкіметаралық деңгейдегі мәлімдемелер, сондай-ақ КСРО мен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының инвестициялық заңнамалары қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада мемлекеттік мирасқорлық пен инвестициялық келісімдердің болашақтығының дамуы бойынша ұсыныстар берілген.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 117 |

Жарияланды

2021-09-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Аldiyarova A. (2021). Қазақстанның инвестициялық келісімдерге құқықтық мирасқорлығы бойынша жағдайын зерттеу. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (3 (78), 143-149. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-319

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР