Қазақстанда жобалық менеджменттің жай-күйі мен келешегі
Түйін сөздер:
жобалық менеджмент, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды басқару, жобалық басқару стандарттары, үдерістер тобы, халықаралық және отандық практика, жобалық менеджментті институционализациялау, экономикалық әсерАңдатпа
Соңғы он жылдықта нарықтық экономика және тез өзгеретін үрдістер жағдайында жеке және мемлекеттік секторда ықпал ету құралы ретінде жобалық менедждменттің рөлі артуда. Осы мақалада жобалық менеджментте қолданылатын әдістер мен тәсілдердіңнегізгі түсіндірмелер берілді, сондай-ақ оларды халықаралық және отандық тәжірибеде табысты қолдану мысалдары келтірілді. Жобалық менеджментте қолданылатын негізгі халықаралық стандарттар қарастырылды, сонымен қатар оларды кіріктіру мен түсіндіру бойынша жасалған жұмыстар талданды. Жүргізілген жан-жақты талдау нәтижесі бойынша Қазақстанда жобалық менеджментті одан әрі дамыту мен ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.