Қолданбалы саясаттану: негізгі қызметтері мен әдістері
Түйін сөздер:
мемлекеттік саясат, қолданбалы саясаттанудың негізгі қызметтері, қолданбалы саясаттанудың әдістері, саяси маркетинг, саяси менеджмент, саяси болжам, саяси ахуалАңдатпа
Саяси ғылымдардағы зерттеулер теориялық және қолданбалы әдістерге сүйенеді. Ғылыми теория эмпирикалық деректерді түсіндіру қажеттілігінен туындайды және тәжірибемен тексерілетіндігі анық. Саяси ғылымдардағы тәжірибелік міндеттерді шешу үшін көптеген теорияларды қолдану қажет.
Теориялық саясаттанудағы зерттеулердің міндеті ғылымның дамуы саналса, қолданбалы саясаттану тәжірибелік міндеттерді шешуді көздейді. Теориялық зерттеулер қолданылатын жаңа ғылыми білім алу мақсатында тәжірибелік нәтиже маңызды және танымал, негізделген, сыннан өткен тәсілдер мен әдістерді пайдалану қажет. Теориялық зерттеулерде негізгі тиімділік өлшемі алынған нәтижелердің жаңашылдық дәрежесі есептелсе, қолданбалы зерттеулер үшін болжам дұрыстығы мен ұсыныстардың тәжірибелік құндылығы маңызды болып табылады.
Ғылыми мақалада саяси маркетинг, саяси менеджмент және саяси болжам қолданбалы саясаттанудың негізгі қызметтері ретінде қарастырылады. Қолданбалы саясаттану негізгі әдістерінің рөлі айқындалды.
Зерттеудің нысаны – қолданбалы саясаттану болып табылады. Зерттеу пәніне қолданбалы саясаттанудың негізгі қызметтері мен әдістері жатады.