Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2021-252Түйін сөздер:
Түйін сөздер: кинематография, мемлекеттік саясат, мемлекеттік қолдау, ұлттық фильмдер., кинематография, мемлекеттік саясат, мемлекеттік қолдау, ұлттық фильмдерАңдатпа
Мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми ізденістердің шеңберінде кинематография аз зерттелген, тың бағыттардың бірі болып табылады. Кино саласындағы мемлекеттік саясат ұлттық фильмдерді қолдауға, қазақстандық кино өнімдеріне қолжетімдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақаланың мақсаты – кино саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттарын ескере отырып, отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талдау.
Зерттеудің әдіснамалық базасы проблематикалық мәселе бойынша жазылған ғылыми еңбектерге, нормативтік-құқықтық актілерге, статистикалық деректерге негізделеді. Мақалада отандық кинематография саласының қазіргі жағдайына факторлық талдау жасалынды. Бұдан бөлек, қазіргі заманғы қазақстандық кинодағы мемлекеттік саясат идеяларының репрезентациясына дискурс-талдау жүргізілді. Қосымша материалдар ретінде соңғы 10 жылда шыққан қазақстандық фильмдер қарастырылды.
Зерттеу нәтижесінде кинематография саласын мемлекеттік басқару жүйесінде ұлттық фильмдерді қолдау маңызды бағыт екені айқындалды. Әлеуметтік маңызы бар фильмдер коммерциялық емес, рухани-мағыналық және көркемдік жағынан құндылыққа ие. Қаржылық қайтарым жеке компаниялардың коммерциялық фильмдеріне тиесілі. 2020 жылғы әлемдегі пандемиялық жағдай кинематография саласы үшін күрделі кезең болғанын статистикалық көрсеткіштердің күрт төмендеуі растап отыр. Саланы алдағы уақытта жетілдіру мемлекеттің ғана емес, барлық стейкхолдерлердің ортақ міндеті болуы тиіс.