Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік сектордың рөлі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-73-2-53-60Түйін сөздер:
экономикалық даму, мемлекеттік меншіктер, мемлекеттік сектор, квазимемлекеттік сектор, активтерАңдатпа
Экономика алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін нақты функциялар мен көптеген өзара байланысты элементтердің орындалуында мемлекеттік сектор негізгі рөл атқарады. Алайда, экономистердің тұжырымына сәйкес, мемлекеттік сектордың өсуі ел экономикасындағы бәсекелестікке кері әсерін тигізіп, ЖІӨ өсуін тежейді.
Тақырыптың өзектілігі, қазіргі жағдайда мемлекеттің барлық салаларда, әсіресе экономика саласына қатысуының артуында.
Аталған мақалада, мемлекеттік сектор қазіргі заманғы нарықтық экономика қызметін ұйымдастырудың ажырамас элементі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, мемлекеттік секторды басқаруға және оның экономикадағы үлесін реттеуге байланысты мәселелер талданады.