Әлемдегі босқындарды қорғау саясаты: Германия мен Ұлыбританияның баспана іздеушілерді тану саясаты
Түйін сөздер:
Босқындар, Германия, Ұлыбритания, босқындарды тану саясаты, ұлттық саясатАңдатпа
Мақалада босқындарды тану жүйесі, тану саясаты және баспана іздеушілердің мәртебесін беру туралы тақырыпта Германия мен Ұлыбританияның саясатын салыстырмалы анализ негізінде қарастырылған. Босқындардың Германияда танылу саясатына қатысты рәсімдеу барысы, елдің ішкі саясатындағы жаңа заңдардың салдары талданады, сондай-ақ баспана іздеушілердің қабылдау саясаты, Еуропалық Одақтың басқа мемлекеттерімен ынтымақтастық туралы Ұлыбританияның саясатындағы үдерістері туралы қарастырылған. Нәтижесінде келесідей қорытындылар ұсынылды: Дублин конвенциясы, баспана іздеушілерге арналған негізгі мәртебелер қағидаттары туралы практикалық сұрақтар талқыланды және ЕО елдерімен жасалған келісімдеріндегі жауапкершілік талданды.