Қазіргі халықаралық қатынастардың аймақтық өлшемі
Түйін сөздер:
халықаралық қатынастар, аймақтық қатынастар, аймақ, аймақтану процестері, регионализм моделіАңдатпа
Қазіргі халықаралық қатынастарға аймақтану процестерінің жиілігі тән. Бір жағынан, жаһандану орын алуда. Екінші жағынан, оның жағымсыз, ең алдымен экономикалық сипаттағы әсерлеріне төтеу үшін әр түрлі мемлекеттер топтары аймақтық бірлестіктер құруда.
Олардың мұндай қорғаныс әрекетіне баруының екі негізгі факторы бар. Біріншіден, аймақтық деңгейдегі бірлестік ұлттық экономикалардың сыртқы бәсеке ықпалынан қорғау мақсатымен құрылады. Екіншіден, кез келген бірлестік әлемдік нарықтарға күшейген экономика ретінде шығу үшін алдымен аймақішілік ынтымақтасу мен күш жұмылдыруға ұмтылады.
Бұл мақала халықаралық қатынастардың аймақтануын түсіндіретін негізгі теориялық ұстанымдарға арналады.