Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет органдарының кадрлық әлеуеті
Түйін сөздер:
мемлекеттік басқару, кадрлық әлеует, кәсіби дайындық, әкімшілік реформаАңдатпа
Мақалада Ресей Федерациясының мемлекеттік басқару аппаратының кадрлық динамика жағдайы қарастырылған. Билік салалары мен деңгейлері бойынша көрсеткіштердің динамикасы талданған, басқару аппаратын қысқарту жағдайындағы кадрлық үдерістер сипатталған. Мақалада әкімшілік реформалар, мемлекеттік қызмет реформалары жағдайындағы кадрлық қызмет әлеуетінің маңыздылығына мән берілген. Ресейдің Солтүстік-Батыс аймақтары бойынша деректер ашылған. Мемлекеттік қызметтің кадрлық үдерістерінің білімдік динамикасының маңызыдылығы, аймақтық басқару деңгейіндегі және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілерге білім берудің әртүрлі траекторияларын ұсыну қажеттігі ашылып қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрларын қосымша кәсіби дайындықтың маңыздылығына баға берілген.