АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТЕТІКТЕРІН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОРЛАР
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1411Түйін сөздер:
ауыл шаруашылығы кооперативтері, шетелдік тәжірибе, факторлар, матрица, мемлекеттік қолдауАңдатпа
Дүние жүзінде ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі және кең тараған түрі болып табылады. Қазақстанда айтарлықтай мемлекеттік қолдауға қарамастан, ауыл шаруашылығы кооперациясының даму қарқыны баяу. Бұл мақалада ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытудың ұйымдастырушылық және басқару тетіктеріне әсер ететін факторлар қарастырылып, олардың даму динамикасына талдау жасалған. Факторлар жеделдік-басымдық әсер ету матрицасына сәйкес жіктелді. Ең жоғары басымдыққа ие факторлар ретінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жағдайларын қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету, мүшелер арасындағы қаржылық қатынастар; мемлекеттік қолдау және реттеу; табиғи, климаттық және географиялық жағдайларды, өткізу нарықтарын ілгерілеуі және қолжетімділігі, баға мен шығынның байланысы, кооперативтердің импортқа тәуелділігі. Мақалада дамыған шет елдердегі ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тәжірибесі берілген, бұл бізге Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.