Мемлекеттік қызметшілерді оқыту процессін ұйымдастыруда нәтижеге бағытталған қағидат тәсілдемесі ретіндегі пәнаралық интеграция
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-72-1-73-83Түйін сөздер:
мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілер, пәнаралық интеграция, оқыту процесі, нәтижеге бағытталған тәсілдемеАңдатпа
Мақалада қазіргі заманның сын-тегеуріндерін ескере отырып өңірлік деңгейде кәсіби мемлекеттік аппарат құру маңыздылығы жөнінде дәлелдеме беріледі. Академия және оның филиалдарының институционалды міндетінен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жүйесінің бірегей орны бар екені анық. Мақала авторлары «пәнаралық интеграция» түсінігінің мәнін қарастырып, «В» корпусы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау қурстарының пәнаралық интеграцияға негізделген оқыту процесін құру бойынша өз тәжірибелеріменнәтижеге бағытталған тәсілдеме қағидаты ретінде бөліседі. Пәнаралық тоғысу картасын құру мысалын келтіріп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының қызметінде оларды практикалық түрде жүзеге асырылуын баяндау арқылы пәнаралық интеграция қағидатының сәтті іске асуына ықпал ететін шешуші факторларды келтіреді.