Мемлекеттік бюджетті тиімді атқару құралдарын әлеуметтік төлемдер бөлігінде жетілдіру

Автор(лар)

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Харун Кирилмаз Сакария университеті, Сакария бизнес мектебі, Сакария, Түркия

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1371

Түйін сөздер:

Экономикалық тұрақтылық, бюджетті ұрлау, артық төлеу, қазынашылық-клиент, бухгалтерлер, интеграция, бюджеттің орындалуы.

Аңдатпа

Мемлекеттің экономикалық дамуы көбінесе бюджеттің сапалы және тиімді орындалуына байланысты. Әсіресе, оны атқару кезінде бюджет қаражатының ұрлануы экономиканың өсуіне өте кері әсерін тигізуде. Ұрлықтың салдарынан мемлекетке жүктелген міндеттерді орындауға болатын бюджет қаражаты тапшылығынан: мемлекеттік қызмет көрсету сапасы төмендейді, әлеуметтік бағдарламаларға бюджеттік қаражат жетіспейді. Қаржының жеткіліксіздігінен және мемлекеттік қызметтердің сапасыздығынан халық зардап шегеді.

Бұл мақала ұрлау әдістерін қарастырады және мемлекеттік бюджетті тиімді атқару үшін қолданыстағы құралдарды жетілдіру бағыттарын анықтайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми деректері ұсынылды: әлеуметтік салаға арналған бюджетті атқару шеңберінде тек білім саласындағы 327-ге жуық бухгалтерлер, басшылар және басқа да тұлғалар Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы мемлекеттік мекемелердің төлемдері бар болғаны екі жылда 15,0 млрд тенгены ұрлағанын көрсетеді.

Бұл проблемалар бюджет қаражатын тиімді жұмсаудың жеткіліксіз ашықтығын және тәуекелдің жоғары деңгейін көрсетеді.

Мақалада Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына әлеуметтік төлемдер бөлігінде бюджетті атқару тетігін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленген.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 30 |

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөз келтіру үлгісі

Абуов, М., & Кирилмаз, Х. (2025). Мемлекеттік бюджетті тиімді атқару құралдарын әлеуметтік төлемдер бөлігінде жетілдіру. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, 1(92), 134-145. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1371