СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАР: СИ ЦЗИНЬПИН МЕН ВЛАДИМИР ПУТИННІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2025-1368Түйін сөздер:
Орталық Азия, Қытай, Ресей, Си Цзиньпин, Владимир Путин, контент-анализ, сыртқы саясат риторикасыАңдатпа
Әлемдік державалардың, әсіресе Қытай мен Ресейдің көршілес елдер ретінде, сыртқы саясат стратегиялары мен риторикасы Орталық Азияның геосаяси ландшафтына айтарлықтай әсер етеді. Өңірлік динамиканың тез өзгеріп жатқан табиғатын түсіну үшін олардың көшбасшыларының сөздеріндегі тақырыптық басымдықтарды талдау қажет. Бұл зерттеудің мақсаты - Қытай президенті Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннің Орталық Азияға қатысты саясатына арналған сөздеріндегі негізгі тақырыптар мен риторикалық стратегияларды анықтау және салыстыру. Авторлар олардың соңғы халықаралық форумдарда жасаған жария сөздерін талдай отырып, өңірге қатысты стратегиялық басымдықтары мен көзқарастарын айқындауды көздейді. Үш негізгі сөзді соңғы екі жылда әр көшбасшының сөзіне сандық контент-талдау жасалып, ең жиі айтылатын сөздер мен тақырыптар анықталды. Талдау бірнеше категорияларға, атап айтқанда абырой/лидерлік, қауіпсіздік мәселелері, ғаламдық қауіп-қатерлер, ынтымақтастық шарттары мен мәселелері, халықаралық ұйымдардың рөлі, сыртқы саясат мәселелері жөніндегі риторика және достар мен бәсекелестермен қарым-қатынастарға бағытталды. Екі президенттің сөздерін талдау көрсеткендей, екі көшбасшы да ынтымақтастыққа, экономикалық даму мен қауіпсіздікке үлкен мән береді. Си Цзиньпиннің риторикасы инклюзивті әрі болашаққа бағдарланған, ал Путиннің сөздерінде өңірлік тұрақтылық пен стратегиялық серіктестіктерге баса назар аударылады. Сандық контент-талдаудың нәтижелері көрсеткендей, Си Цзиньпин мен Владимир Путиннің сөздерінде ұқсас тақырыптар болғанымен, олардың тәсілдері өздерінің стратегиялық басымдықтары мен геосаяси контексттерін көрсетеді. Си Цзиньпиннің жаһандық ынтымақтастыққа баса назар аударуы, Путиннің өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияға бағытталған көзқарасымен контрастілеуде. Бұл салыстырмалы талдау Орталық Азияның геосаясатын қалыптастыратын түрлі әрі өзара байланысқан баяндауларды тереңірек түсінуге көмектеседі.