Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайындағы сақтандыру инновациялары
Түйін сөздер:
сақтандыру, онлайн-сақтандыру, е-полистер, сақтандыру бойынша ақпараттардың бірыңғай қоры, телематика, блокчейнАңдатпа
Мақалада Қазақстанда е-сақтандыруды енгізу сұрақтары зерттелді, соның ішінде онлайн- сақтандыру, себебі ол сақтандыру ұйымдары көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға, сақтанушы үшін сақтандыру өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сақтандырудың ерікті түрлерінің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері экономиканы цифрландыру жағдайында сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында е- сақтандыруды енгізу бойынша шараларды құруды қамтиды. Қазақстанда сақтандырушылық инновацияларды енгізу үшін е-полистерді қолдануға қатысты сақтандыру қызметінің құқықтық негізіне заңнамалық өзгерістер енгізу, сақтандыру бойынша ақпараттардың бірыңғай қорын құру, персоналды мәліметтердің қорғалуы мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сақтандырудағы IT-технологиялардың дамуы үшін инвестицияларды тарту, мамандарды даярлау, клиенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру және клиенттердің талаптарын ескере отырып, сақтандырудың жаңа өнімдерін жетілдіру қажет.