ТМД елдерінің террористік және экстремистік қызметпен қарсы күресі мен алдын алудағы тәжірибесі
Түйін сөздер:
терроризм, бағдарлама, терроризмге қарсы тәрбиелеу, қоғамдық сананы жаңғырту, ТМД ТҚО, Рухани жаңғыруАңдатпа
Бүгінгі таңда, экстремистік және террористік ұйымдардың қызметі мемлекет ішіндегі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жағдайларға өз әсерін тигізуде. ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы да, Ауғанстан және басқа да қақтығыс аймақтарымен көршілес болғандықтан туындаған процестердің геосаяси себептеріне байланысты ортасында орналасқан. Осы мақалада, ТМД-на қатысушы-мемлекеттердің экстремизм мен терроризмге қарсы күресінің жағдайы талданды. ТМД елдерінің азаматтарын террористік әрекеттерге тартудың алдын-алу мен болдырмау мақсатында үгіт-насихаттау қызметінің иінтіректері талданды.
Қауіпсіз қоғамға қол жеткізу мақсатында, қазақстандық қоғамды терроризмге қарсы тәрбиелеудің негізгі бағыттары, сондай-ақ қоғам санасын жаңғырту қажеттілігі айқындалды.